KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Жедел жәрдемдегі өзгеріс: бригадаға жаңа маман қосылады

5.02.2023, 15:51 346 Оразай Жеңісұлы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халыққа шұғыл медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізді.

Енді жедел жәрдем бригадасы құрамына жаңа маман қосылады, деп хабарлайды Altaynews.kz.  

Бұйрыққа сәйкес жедел жәрдем бригадасы құрамына парамедик - алғашқы көмек көрсету бойынша қосымша функцияны орындай алатын және шақыруларға қызмет көрсету бойынша жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмысына қатысатын алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіптік даярлық курсынан өткен адам кіреді.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 1500-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Оның 18 пайызы мамандандырылған бригадалар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив