ШҚО-дағы жедел жәрдем қызметтері жеті жүзге жуық шақыртуға шыққан
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы
Бұл боранды күндері облыстағы жедел жәрдем бригадалары 657 шақыртуға барған.
Өңір бойынша екі үсік шалу жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы ақпаратына сүйенсек, 657 шақыртудың 406-сы Өскеменде, 251-і аудандардан түскен.
Облыста соңғы күндері қатты жел, қалың қар мен боран болды. Қардың екі айлық нормасы бір-екі күнде жауып тастады. Боранның артынан қатты аяз қысып тұр. Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Сондай-ақ, облыстағы жедел жәрдем қызметі де күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Екі тәулікте 700-дей адамға көмектескен.