Көшпенділер ойыны: садақшылардың дайындығы қалай?
Жамбы атудан ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны өтіп Алматы облысында жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Ептілік пен мергендік қасиеттерін сынайтын ұлттық ойындардың бірі – жамбу ату. Дәл осы спорт түрінен Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық құрама додаға түседі. Қазір жігіттер дайындықтарын пысықтау мақсатында Алматы облысында арнайы оқу-жаттығу жиынынан өтіп жатыр.
Ұлттық құрама мүшесі Ералхан Айкөз дайындық жоғары деңгеде екенін атап өтті.
Айта кетейік, Жамбы ату республикалық федерациясы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар қауымдастық құрамына бәйге, көкпар, аударыспақ, садақ ату, құсбегілік, асық ату, теңге ілу, «JORYQ» және т.б. федерациялар кіреді.