Көшпенділер ойындары кезінде қазақ ауылы тігіледі
Фото: Kazinform
Биыл күзде Астанада V дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Айтулы шараға 89 мемлекет қатысатынын растады. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде ұлттық ғылыми конференция өткізу жоспарланып отыр.
Астанадағы ШЫҰ саммитіне келген меймандарға көшпенділер ойындарына дайындық барысы таныстырылды. Арасында Германия, Үндістан, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Ливан, Малайзия, Норвегия, Сербия, Чехиядан келген делегаттар мен журналистер бар.
Айта кетейік, дүниежүзілік көшпенділер ойындары UNESCO қолдауымен өтеді.