Бектенов маймыл шешегінің қаупі туралы айтты
Фото: depositphotos.com
Премьер-министр Олжас Бектенов әлемде таралып жатқан індетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
– Көріп отырғанымыздай алаңдауға негіз жоқ. Қазақстанда қауіпті індетті жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Алайда арқаны кеңге салуға болмайды. Денсаулық сақтау министрлігі ахуалды әрі қарай бақылауда ұстап, жұқпалы аурудың ел аумағында таралу қаупін болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдасын. Әсіресе, әуежайлар мен шекарадағы өткізу бекеттеріне қатысты, – деді Бектенов Үкімет отырысында.
Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады. Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді.
Дегенмен әлемде жағдай күрделі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады.
Оқи отырыңыз
Қазақстанға маймыл шешегі жетпеуі үшін тиісті шаралар қабылдандыҚазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілдіПремьер-министр меморгандар мен әкімдіктерді сынға алдыҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Елімізде коронавирус тіркелді деген жалған ақпаратТасқын болған аймақтарда ауыз су ластанып жатыр ма?