Тасқын болған аймақтарда ауыз су ластанып жатыр ма?
фото: gov.kz
Ел тұрғындары су тасқыны болған аймақтарда ауыз су ластанып жатыр, соның салдарынан жұқпалы ауру өршуі мүмкін деп дабыл қағуда.
Денсаулық сақтау министрлігі мессенджер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрліктің ақпаратына сүйенсек, су тасқыны жағдайына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі күшейтілген режимге ауысқан. Инфекция бойынша жағдай, тұрақты, қазіргі кезеңге сай. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭС органдары ауыз сумен жабдықтауды бақылауды күшейтті. Сондықтан әлеуметтік желі арқылы тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтады мамандар.
Эпидемиологиялық жағдай туралы сенімді ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге, денсаулық сақтау министрлігіне, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне, өңір-өңірдегі денсаулық сақтау басқармасына хабарласқан жөн.