KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2,1 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Ішкі істер министрлігі: Үш күнде төрт есірткі зертханасы жойылды

28.10.2024, 13:00 114 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті қарқынды жүргізіп келеді. Соңғы үш күн ішінде полиция қызметкерлері төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды, оның ішінде екі шетел азаматын ұстады.

ІІМ-нің мәліметіне сәйкес, аталған кезеңде 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелген, оның 13-і сату фактісі, ал тоғызы сақтау фактісі болып табылады. Полиция заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг синтетикалық есірткі және 11 кг марихуана тәркіледі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірханның айтуынша, бұл жұмыстар одан әрі жалғасады. Тәркіленген заттарға байланысты 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Есірткіге қарсы күрес – ІІМ-нің басты приоритеттерінің бірі болып табылады, ал мұндай операциялар еліміздегі есірткі бизнесіне қарсы тиімді шараларды қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу