KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Биыл 7 айда 1 491 есірткі қылмысы тіркелген – ІІМ

15.08.2022, 14:10 220

Биыл еліміздің аумағында 23 есірткі зертханасы жойылған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Данияр Оралов айтты.

-        Биыл 7 айда 1 491 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде 874 сату фактісі және 227 аса ірі көлемде есірткіні сақтау дерегі анықталды. Жыл басынан бері еліміздің аумағында барлығы 4 жарым тонна түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 2,2 тонна марихуана, 400 келіден астам гашиш және 87 келі синтетикалық есірткі алынды», - деді департамент өкілі.

Оның дерегінше, Синтетикалық есірткіге байланысты 890 қылмыс тіркелген.

-        Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында 23 есірткі зертханасы жойылды, - деді Данияр Оралов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу