Елімізде төрт есірткі зертханасы жойылды
![](/kz/uploads/posts/2024-02/b09368fd569717555b2d985e7862e3c1.webp)
Фото: ҚР ҰҚК
Полиция қызметкерлері бір аптаның ішінде 144 келіге жуық әр түрлі есірткі заттарын тәркілеген.
Бұл туралы ішкі істер министрлігі есірткіге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов ведомствода өткен брифиңде айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
- «Тосқауыл» операциясы кезінде төрт есірткі зертханасы жойылды. Полицейлер 13 кг «мефедрон» синтетикалық препаратын, сонымен қатар оларды өндіруге арналған реакторлар мен түрлі жабдықтарды тәркіледі. Заңсыз айналымнан 144 келіге жуық әр түрлі есірткі заттарын тапты. Оның ішінде 30 кг синтетика, 110 кг марихуана, 3 кг гашиш және 800 грамм трамадол бар, - деді Бақытжан Әмірханов.
Оқи отырыңыз