KZ
Өскемен
-16°
туман Штиль
503.35 590.63 6.62

Салық жүйесінде жаңа ІТ-платформа іске қосылады

stock.adobe.com

17.09.2025, 19:30 218 Төлеуғазы Жансая

Жаңа кодексте салық әкімшілігін оңтайландыруға ерекше мән берілген. Қолданыстағы жеті ақпараттық жүйенің орнына біріктірілген платформа енгізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл өзгеріс салық төлеушілер үшін рәсімдерді жеңілдетіп, процестерді автоматтандырады және мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара әрекетті ашық етеді.

Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап Amian мобильді қосымшасы арқылы салық мәдениетін арттыруға бағытталған акциялар өтеді. Чектерді тіркеген азаматтарға ақшалай сыйлықтар мен кэшбэк беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу