KZ
Өскемен
-22°
туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

«Amian» қосымшасы көлеңкелі экономиканы азайтуға көмектеседі – мамандар

11.09.2025, 17:00 215 Айна Бакимбаева

Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер басқармасында кәсіпкерлерге «Amian» мобильді қосымшасы мен «Салық кэшбэк» функциясының артықшылықтары таныстырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Басқарманың жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Илияс Ескермесовтің айтуынша, «Amian» қосымшасы Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрлық бастамалары аясында енгізілген.

– Пилоттық жоба аясында қосымшаға «Салық кэшбэк» функциясы қосылды. Оның көмегімен пайдаланушылар фискалдық чектерді сканерлеу арқылы сатып алынған тауар сомасының 2 пайызы көлемінде ақшалай қайтарым ала алады. Бұл сервис салық тәртібін қалыптастыруға, халықты чек талап етуге ынталандыруға және көлеңкелі экономиканы азайтуға ықпал етеді, – деді маман.

Семинар барысында кәсіпкерлерге қолма-қол және қолма-қол емес есеп айырысу кезінде деректерді онлайн беретін бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде пайдалану керектігі ескертілді. Бұл талап ҚР Салық кодексінде нақты көрсетілген. Жүйенің негізгі мақсаты – есеп айырысудың ашықтығын қамтамасыз ету, тұтынушылар құқығын қорғау және бизнеске деген сенімді арттыру.

Сонымен қатар, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру үшін тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілуде. Ол ықтимал заңбұзушылықтарды автоматты түрде анықтап, адами факторды азайтады және салық төлеуден жалтару қаупі жоғары кәсіпкерлерге бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

– Салық кодексінде көрсетілгендей, БКМ пайдалану мен тәуекелдерді басқару жүйесі – тек заң талабы ғана емес, адал кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын құрал. Бұл барлық бизнес субъектілері үшін әділ әрі тең жағдай жасауға ықпал етеді, – деп атап өтті басқарма өкілдері.

Фото: Жібек Нұрахмет

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу