KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
502.57 591.68 6.42

Чек сканерлеп – кэшбэк алыңыз: «Amian» қосымшасы Өскеменде қолжетімді

gov.kz

10.08.2025, 16:00 300 Төлеуғазы Жансая

Өскемен тұрғындары үшін жаңа мүмкіндік – «Amian» мобильдік қосымшасы мен «Salyq Кэшбэк» функциясы. Бұл жоба арқылы сіз дүкеннен алған фискалдық чекті сканерлеп, сатып алу сомасының 2%-ын қайтара аласыз, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қалай жұмыс істейді?

  • Чек алған соң, 24 сағат ішінде Amian қосымшасына жүктеңіз.

  • Күніне – 3 чекке дейін, айына – 70 чекке дейін сканерлеуге болады.

  • Бір чектен ең көп кэшбэк – 500 теңге.

  • Ай сайынғы шектеу – 20 000 теңге.

  • Ақша 14 күн ішінде балансыңызға түседі, кейін банк картаңызға аударуға болады.

Бір әрекет – екі пайда:

  • Сатушыдан чек талап етіп, салық мәдениетінің дамуына үлес қосасыз.

  • Өз бюджетіңізді толықтырасыз.

Қосымшадағы науқандар:

  • «Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал» (3 сәуір – 31 желтоқсан): чек тіркеген әр адам ақшалай немесе бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие.

  • «Бәйге» (1 мамыр – 31 желтоқсан): тоқсан сайын ең көп чек сканерлегендерге – 100 000 теңге жүлде. Әр өңірден 20 жеңімпаз анықталады.

Қатысу аймақтары:
Пилоттық режимде Өскемен, Қарағанды, Жітіқара, Жақсы, Аршалы, Астрахан аудандары және басқа да бірқатар өңірлерде іске қосылған. Болашақта жоба бүкіл ел бойынша қолжетімді болады.

Қалай жүктеп, қолдануға болады?

  1. Google Play немесе App Store-дан «Amian» қосымшасын жүктеңіз.

  2. Тіркеліңіз.

  3. Сатып алған чекті сканерлеңіз.

  4. 14 күн ішінде кэшбэк балансыңызға түседі.

«Amian» – тек қосымша емес, салықтық әділеттілікке және адал саудаға апарар қадам.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу