KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Аттан құлаған ШҚО тұрғынына күрделі ота жасалды

Фото: Шартты сурет

7.04.2023, 18:48 264

Глубокое ауданының 43 жастағы тұрғыны аттан құлап, жамбас сүйегі бірнеше жерден сынған. 
Тұрғын облыс орталығына тікұшақ арқылы жеткізіліп, толық тексеруден кейін 4 күн бойы операцияға дайындалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Облыстық аурухананың травматология бөліміне Глубокое ауданының 43 жастағы тұрғыны ауыр жарақатпен түскен. Толық тексеру мен 4 күн дайындықтан кейін травматологтар оған күрделі операция жасап шықты. 
Дұрыс емдемеген жағдайда ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін екен. Мамандардың мәлімдеуінше, жамбас сүйектері теріс өссе, омыртқаның қисаюы мен функцияларының бұзылуы, созылмалы ауырсыну және тағы басқа асқыну түрлері пайда болады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив