Бағдат Мусин ХҚКО жұмысына баға берді – ШҚО
Фото: автордікі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ШҚО-ға жұмыс сапарымен келді.
Министр Өскемен қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Министр Бағдат Мусин мен облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласы Белинский көшесі, 37А мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО-ның жұмысымен танысты. Бағдат Мусин халыққа қызмет көрсету орындарының жұмыс тәртібі, облыстағы филиалдардың жұмысын бейнебақылау арқылы қадағалау сынды заманауи технологияларға қатысты жаңашылдықтарға баға берді.
Облыс әкімі Даниал Ахметов ХҚКО ғимаратының тар екенін айтып, жаңа ғимаратқа қатысты тапсырма берді.