KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да Балалар күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

30.05.2023, 19:00 220 Оразай Жеңісұлы

Облыстық білім беру басқармасының өкілдері өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында болған баспасөз мәслихатында Балаларды қорғау күніне орай қандай іс-шаралар өткізілетінін айтты.

Биыл мерекелік шаралар «Балалардың игілігі үшін» деп аталатын республикалық акция шеңберінде болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі

Іс-шаралар он бағыт бойынша жүргізіледі. Мәселен, «Балалар бастауы» бөлімінде бүлдіршіндердің өз ойын анық әрі нақты жеткізе білу қабілетін ұштауға көңіл бөлінеді. Өзге тоғыз бөлімде де балаларды жан-жақты дамытуға ден қойылған. Сондай-ақ білім саласының мамандары дарынды жастарды облыс әкімімен кездестіруді жоспарлап отыр.

– 1 маусымда болатын кездесуде дарынды балаларға облыс әкімінің грамотасы мен 100 мың теңге сомасына ақшалай сертификат табыс етіледі. Ал 7 маусымда Таулы Үлбі кентіндегі «Дарын» лагерінің базасында озат оқушыларға арналған «Сен үздіксің!» форумы өтеді. Форум барысында зияткерлік олимпиадаға, спорттық және шығармашылық сайыстарға қатысып көзге түскен оқушылар марапатталады, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

Маман Балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды өткізуге жергілікті бюджеттен 31 миллион, демеушілер тарапынан 2 миллион теңге бөлінгенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив