KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 3 м/с, В
441.8 480.02 4.88

Шеңгелді ауылында жүз орындық мектеп салынады – Тарбағатай

9.06.2023, 09:27 293 Оразай Жеңісұлы

Мемлекет басшысының пәрменімен облыс басшылығы Тарбағатай ауданын кешенді дамыту жоспарын бекітіп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлікті демеуге, инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік туғызды.

Аудан әкімі Дархан Жөргекбаевтың айтуынша, бірінші кезекте, халыққа қажет кейбір инфрақұрылымдық нысандарды ретке келтіру қажет. Бұл бағытта жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайтын 30 жоба іске асқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Атап айтқанда, Ақжар, Тұғыл ауылдарында спорт және балалар алаңдары салынды, жеті ауылда жарықтандыру жүргізілді, 2,5 шақырым көше, 11,6 шақырым аудандық автожол орташа жөнделді. «Бірқабатты Шығыс» жобасы аясында жеті үй салынды. Үш білім нысаны, екі денсаулық сақтау мекемесі жөнделді. Аудан орталығы – Ақжардағы төрт мемлекеттік мекеме ағымдағы жөндеуден өтті.

Ауданға былтыр 1,2 млрд теңге бөлінсе, биыл 6,9 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл қаржының 46,3 пайызы әлеуметтік жобаларға жұмсалмақ. 

2027 жылға дейін тоғыз медпункт құрылысы жүрмек, оның алтауын осы жылы пайдалануға беру көзделген. Сондай-ақ Құйған және Тәуке ауылдарындағы медпункттерді күрделі жөндеуге 170 млн теңге бөлінді.

Білім саласы бойынша 2022 жылы үш жоба жүзеге асты. Осы жылы жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайтын 17 жоба іске асырылуда. Қабанбай округіне қарасты Шеңгелді ауылында 500 млн теңгеге 100 орындық мектептің құрылысы басталып кетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив