KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

Ішкі істер министрінің кеңесшісі ҰОС ардагерінің жағдайын білді

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

19.07.2023, 15:37 165

18 шілдеде ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков ІІМ Кадр саясаты департаментінің басшысы полиция полковнигі Ораз Жолдасовпен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник Құрмат Рахимовпен кездесті.  

Өмірзақ Болсамбеков қарияның жағдайын біліп, еңбегі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ардагер әңгіме барысында майданда және ішкі істер органдарында қызмет еткен жылдарындағы естеліктермен бөлісіп, өз кезіндегі полиция қызметінің қиындығын айтты.

Өмірзақ Болсамбеков атқарған қызметі үшін Құрмат Рахимовқа алғыс білдіріп, халыққа қызмет ету жолында қызметкерлердің жас буынына тәлімгерлік етуді жалғастыра беруіне тілектес екенін білдірді.

Кездесу соңында Өмірзақ Болсамбеков Құрмат Рахимовқа Ұлы Отан соғысының батырлары туралы естелік кітапты табыс етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу