Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы ШҚО ардагерлерімен кездесті
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
18 шілдеде ҚР Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков ШҚО ардагерлер кеңесінің активімен кездесті.
Өмірзақ Болсамбеков ардагерлердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуының ұрпақ тәрбиесіне әсерін айтты, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Кездесуге Кадр саясаты департаментінің бастығы полиция полковнигі Ораз Жандосов, ШҚО ІІО және ҚР ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев және полиция департаментінің басшылығы қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар қызметтік жұмысты талқылап, алдағы жұмыстың басым міндеттерін белгіледі. Шығыс ардагерлері өз кезегінде Өмірзақ Болсамбековке зейнетақымен қамтуға, ІІМ зейнеткерлерін санаторий, курорттарға емдеуге жіберуге, жеңілдіктер мен әлеуметтік өзгерістерге қатысты өзекті сауалдарын қойды.
Ардагерлер кеңесінің алдында әлі де үлкен еңбекті қажет ететін бірқатар міндеттер тұр.
Полиция полковнигі Ораз Жандосов өз кезегінде қазіргі уақытта ІІО және ҰҰ зейнеткерлерінің әлеуметтік қорғалуын жақсарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатқанын, бірқатар ұсыныстар әзірленіп жатқанын атап өтті.