KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

ШҚО-да қарсы жолаққа шыққан тағы бір жүргізуші анықталды

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

26.07.2023, 16:58 120

Полиция қызметкерлері өңірдің ең апатты учаскелерін патрульдеу бойынша іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді. Демалыс маусымы басталған қазіргі уақытта «Өскемен-Рахман қайнарлары» трассасы ең өзекті жол болып тұр.

ШҚО ПД дерегінше, ереже бұзу деректерінің арасында жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу басым, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

23 шілдеде полиция қызметкерлері «Өскемен-Алтай» автожолын патрульдеу барысында бейнебақылау көмегімен ереже бұзған 1982 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы «Infinity QX 80» маркалы автокөлігін анықтады. Жүргізуші қарсы жолаққа өтіп кеткен көрінеді.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу