KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Мас күйде көлік тізгіндегендер жауапқа тартылды – ШҚО

Фото: vrubcovske.ru

17.07.2023, 15:19 4 632 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да өткен демалыс күндері 800-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары өңірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүру ережелерін сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

  "Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың ішінде 160-тан астам жаяу жүргінші ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігімен, 143 адам көлікте қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігімен, 78 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша, автокөлікті масаң күйде басқарған 7 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша, 3 адам жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша жазаланды", - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Мәселен, 15 шілде күні Гавань ауданында күдік тудырған 27 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mercedes автокөлігін тоқтатты. Куәландыру көрсеткендей, жүргізуші “жеңіл дәрежедегі” масаң күйде болған.

  "Тағы бір 38 жастағы жүргізуші “орташа дәрежедегі” масаң күйде Красин кентін патрульдеу барысында анықталды. Ол 17 шілдеде сағат 03:45 шамасында өз жұмыстарымен жолға шыққан. Екі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олардың бұл ісі 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. Полиция департаменті жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және бұзушылықтарды болдырмауға кеңес береді", - делінген хабарламада.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу