Қарсы жолаққа шыққан 18 тұрғын жүргізуші куәлігінен айырылды
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
ШҚО ПД дерегінше, облыста тіркелетін Жол ережесін бұзу деректерінің негізгі бөлігі жылдамдықты асыруға, қарсы жолаққа өтуге қатысты.
ШҚО ПД мәліметіне сүйенсек, талдау нәтижесі шілденің соңғы 10 күнінде 18 жүргізуші қарсы жолаққа өту бойынша ереже бұзғанын көрсеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
10 шілде күні таңертең сағат 05.00 шамасында «Мазда» маркалы автокөліктің жүргізушісі Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінің бойымен Мыза көшесіне қарай қарама-қарсы бағытта жүрген. 13 шілдеде Назарбаев даңғылында «Киа» маркалы автокөліктің жүргізушісі, 15 шілдеде «ВАЗ» маркалы автокөліктің жүргізушісі Назарбаев-Стахановская көшелерінің қиылысында қарсы бағытта жүрген.
Аталған жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осындай дерек бойынша алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру қарастырылған.