KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность Штиль
484.37 531.06 5.05

Өскеменде жүргізуші құқығынан айырылған мас мотоциклші ұсталды

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

25.07.2023, 18:00 386

11 шілдеде кешкі патрульдеу барысында Өскемен қаласының Мостовая көшесінде қатты жылдамдықпен жүрген, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз "ТИККЕН" маркалы мотоциклі тоқтатылды.

Дерекке сүйенсек, полиция қызметкерлері мотоцикл жүргізген 1992 жылғы қала тұрғынын тоқтатқанда одан алкогольдің өткір иісі шыққан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жүргізілген куәландыру кезінде жүргізушінің орташа дәрежелі мас күйде болғаны расталған. Сонымен қатар жүргізуші 2022 жылдың 29 желтоқсанында Өскемен қаласының №2 әкімшілік сотының үкімімен өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

ШҚО ПД мәліметінше, мотоцикл бірден мамандандырылған автотұраққа қойылды. Ал жүргізушіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

ШҚО ПД дерегінше, аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Осындай жағдайда 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Биылғы 6 айда облыс аумағында мотоцикл жүргізушілерінің кінәсінен 7 ЖКО тіркеліп, 7 адам зардап шекті.

Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін мас күйде көлік жүргізбеуге және Жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив