KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, СШ
504.34 556.34 5.97

Өскеменде көліктерге қарсы жүрген автобус жүргузішісі жауапқа тартылды

20.05.2019, 11:22 212

Бейнебақылау камерасы қоғамдық көлік жүргізушісінің қала көшелерінің бірінде қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткенін анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

15 мамырда «YUTONG» маркалы №55 автобус Назарбаев даңғылында қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

 

– Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін 33 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Тәртіп бұзған шопырды алты айға жүргізуші құқығынан айыруы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу