KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
498.55 524.28 4.75

ШҚО әкімі тұрғындарды Отбасы күнімен құттықтады

Фото: Тілеубек Шаяхмет

10.09.2023, 13:30 273 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін еліміз Отбасы күнін атап өтіп жатыр. «Отан отбасынан басталады» дейтін тәмсілге берік әрбір қазақстандық үшін бұл мерекенің алар орны ерекше.

«Отбасы – шағын мемлекет» десек, сол мемлекеттің мызғымас тірегі, мықты іргетасы еліміздегі әрбір отбасы екенін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы айтып келеді. Отбасы құндылықтарын нығайту және бағзыдан жалғасқан баба дәстүрді насихаттаудың маңызына ерекше назар аударуы да сондықтан, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Айта кетейік, елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі Мемлекет басшысының Жарлығымен Отбасы күні ретінде белгіленген. Осы айтулы мерекемен аймақ тұрғындарын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев құттықтады.

«Дәстүрімізді сақтап, отбасылық құндылықтарды құрмет тұту – біздің көпұлтты еліміздің басты қағидаларының бірі. Сондықтан да бұл мерекенің әрбір отандасымыз үшін маңызы зор. Адамның тұлға ретінде қалыптасуы отбасынан басталады, сыйластық пен мейірімділік сияқты ізгі қасиеттерді де біз осы отбасындағы тәрбиеден аламыз»,  деп жазды облыс әкімі Ермек Көшербаев Инстаграм желісіндегі парақшасында.

Аймақ басшысы отбасы  бұл бақытты өмірдің негізі екеніне назар аудартады. Еліміздің өсіп-өркендеуі әр шаңырақтағы тұрақтылықпен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекетіміз отбасы институтын нығайтуға барынша жағдай жасап отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу