KZ
Өскемен
+11°
небольшой проливной дождь жел 6 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Президент Өскемендік әскери қызметкерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

26.10.2023, 20:30 214

Мемлекет басшысы ​ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес​ ​ 3477 әскери бөлімінің​ атқышы, ефрейтер Тілек Құмарбеков​ «Ерлігі үшін» медаліне ие болды.​

Ішкі істер министрі​ Ержан Сәденов Ұлттық ұлан қызметкеріне​ мемлекеттік награданы Республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада өз қолымен табыстады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Еске сала кетсек, әскери қызметші​ Үлбі өзеніне шомылып жүрген​ 6 жасар баланы құтқарып, ажал аузынан алып қалды. Оқиға​ былтыр​ 16 шілдеде​ Тарханка ауылының маңындағы​ Үлбі өзенінде ​болған. Су иірімі ағызып әкетіп бара жатқан баланы көрген​ әскери қызметші​ дереу құтқаруға​ ұмтылады.​ Ағынды суға батып бара жатқан бүлдіршінді жағаға аман-есен алып шыққан ефрейтер есінен танып қалған. Медициналық көмекке мұқтаж болған​ жауынгер​ тек ауруханада​ ес жиған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив