KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2,1 м/с, З
483.23 534.74 5.12

6 жасар бүлдіршін Үлбі өзеніне батып кете жаздады - Өскемен

18.07.2022, 10:02 127

Қуанышқа қарай, сол маңда 3477 әскери бөлімінің әскери қызметкері, ефрейтор Тілек Құмарбеков болған.

Көмек сұраған адамдардың дауысын естіген әскери қызметкер өз өмірін қатерге тігіп, ағынды өзеннен баланы алып шығу үшін ойланбастан суға сүңгіп кеткен.

Балаға қарай жүзіп барып, қолынан ұстап, жағаға шығара бастады. Әскери қызметкер баланы соңғы күшімен жағаға шығарғанда, өзң есінен танып, су түбіне кете барды.

Абырой болғанда, сол маңда жүрген басқа адамдар көмекке келіп, жедел жәрдем көлігіндегі медицина қызметкерлері Тілекті аман алып қалды.

- Қазіргі уақытта әскери қызметшінің жағдайы жақсы. Батырға Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының марапаты тасбысталады, - деп хабарлайды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив