KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Конституция күніне арналған салтанатты митинг өтті

30.08.2019, 10:58 226


2019 жыл 29 тамыз  "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы
27943 әскери бөлімінің саптық алаңында
Конституция күніне арналған салтанатты митинг өтті.


Салтанатты іс-шарада Өскемен гарнизонының бастығы подполковник Бегімбет Тажибаев жеке құрамды құттықтай отырып, оларға әскери қызметтегі белсенділігі үшін алғысын білдірді және әскери қызметшілердің конституциялық-құқықтық санасын жаңғырту мақсатында баяндама оқылды. Жауынгерлік даярлық пен мемлекеттік-құқықтық дайындықтың үздіктері құрмет грамоталары, алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, 25 тамыз күні Үлбі өзені жағалауында суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған 27943 әскери бөлімі 1 мотоатқыштар батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Әлішер Әзірбайұлы Табылдиевті әскери бөлім жеке құрамының атынан марапаттап, «Сіздің ерлігіңіз ешқашан ұмытылмайды! Суға батып бара жатқан баланы көріп, ойланбастан тез арада шешім қабылдап, батыл әрекет жасадыңыз! Сіздей офицер, әрі тәрбиеші біздің әскери бөлімде қызмет еткені біз үшін үлкен мақтаныш! Өміріңізді абыройлы қызметке арнай отырып, мемлекетіміздің мүддесіне бүтіндей берілген нағыз маман, тәжірибелі, беделді, әрі талапшыл командир ретінде танылдыңыз!» - деді.

Осы іс-шарада "Қарулы Күштер ардагерлері" Республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО бойынша филиалының Төрағасы,  Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрметті ардагері Төкен Жүнісұлы Біләлов ақсақал жеке құрам алдында осындай ерлігі үшін «Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 95жылдық мерейтой» медалімен марапаттады. Сонымен қатар, капитан Әлішер Табылдиев 2019 жыл 26 тамыз күні қала әкімі Жақсылық Омар мырзаның қабылдауында болып, Өскемен қаласы әкімінің қолынан Алғыс хат пен ескеркіш сый-сияпат алған болатын.

Мерекелік іс-шара әскери бөлім командирінің «Мереке және демалыс күндері гарнизонда қырағылықты арттыру» бұйрығын жеткізумен және салтанатты саппен жүріп өтумен аяқталды.

27943 әскери бөлім

капитан Нұржан Малгаждаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив