Өскемен мен Риддерде ауа сапасы нашарлайды
Фото: egemen.kz
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 9 қараша күні елдегі қалалардың басым бөлігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Ал шығыстағы Өскемен және Риддер қалаларында ауаның сапасы нашарлап, ҚМЖ жарияланады, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосферадағы ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Оқи отырыңыз