KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 0,7 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Өскемен мен Риддерде тағы да ауа ластанады

18.10.2023, 09:29 167 Оразай Жеңісұлы

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 18 қазан, сәрсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Риддер қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив