Бүгін Өскеменде ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет
![](/kz/uploads/posts/iblock/2aa/2aac82f06462c7a05674ee65663b175e.jpg)
Бүгін, яғни 26 наурыз күні Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Қарағанды, Орал және Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.
Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.