Бүгін Өскеменде ауа сапасы нашарлайды
. Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 10 қаңтар күні Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен, Атырау, Қызылорда, Теміртау және Балқаш қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады.
Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.