Күршім ауылының сыртынан айналма жол салынады
Фото: informugra.ru
Күршім ауылын айналып өтетін жолдың жоқтығынан ауыр жүк көліктері елді мекеннің қақ ортасымен қатынауға мәжбүр. Бұл тұрғындарға біраз қиындық тудырып отыр.
Алдағы екі жылда ауылға айналма жол салынып, аталған мәселе шешілетін болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Күршім ауданы тұрғындарымен кездесу барысында ШҚО әкімі айналма жолдың мәселесі екі жылда шешілетінін айтып, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
Сондай-ақ жиында шаруа қожалығының басшысы Талғат Ақшағанов ветеринар дәрігерлердің тапшылығн тілге тиек етті. Сала мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда Күршім ауданына 13 мал дәрігері қажет. Олардың жалақысы 200 мың теңгеге дейін көтерілген.
Ермек Көшербаев аудан әкіміне жас мамандарды ауылға көптеп тартуды, ең бастысы олардың баспана мәселесін шешуді тапсырды.
Қуаныш Рахметоллаұлы