Келесі жылы Самардағы Новостройка ауылына апаратын көлік жолы салынады
Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданының Новостройка ауылына апаратын көлік жолы келер жылы салынады. Бұл туралы аймақ басшысы Самар ауданының тұрғындарымен болған кездесуде айтты.
Кездесуде тұрғындар аталған ауылға апаратын жолдың жағдайы сын көтермейтінін, бұл жолмен жүру мүлдем мүмкін емес екендігін тілге тиек еткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл мәселес келер жылы шешімін табанын атап өткен облыс әкімі аудан жұртшылығын жоспарланған жол құрылысы сапалы әрі уақытында орындалуы үшін қоғамдық бақылау жүргізуге шақырды. Сондай-ақ аймақ басшысы аталған құрылыс жұмыстарын өзі де тікелей бақылауға алатынын тілге тиек етті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаев Самар ауданында тұрғындармен кездесу өткізіп жатыр.