Алтай ауданының тұрғындары қысты шығарып салды
Дәстүрлі Масленица – христиандардың оразасы алдындағы бір апта бойына жалғасатын мереке.
Бұл күндері қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуға арналған шаралар өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүгін Алтай ауданының тұрғындары Масленица мерекесін көңілді ән-би, қызықты ойын-жарыстармен атап өтті. Бұл мерекенің басты тағамы – тәтті құймақ.
- Таңертеңнен бастап мәдениет үйінің жанында құрылған сахнада ауданның шығармашылық топтары тұрғындарға концерт қойды, - деп хабарлады Алтай ауданы әкімдігі. – Алаңда жарқын Масленица жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мұнда тұрғындар халық қолөнер көрмесінен өздеріне ұнаған бұйымдарды сатып ала алды.
Мерекелік шараның соңында Масленица мүсінін жағу дәстүрі орындалды.
Оқи отырыңыз