KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 3 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Өскемендіктер "Масленица" мейрамын тойлады (Фоторепортаж)

29.02.2020, 17:50 105

Өскемендіктер славян халқының дәстүрлі "Масленица" мерекесін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл күні адамдар Ертіс жағалауындағы Амфитеатрға жиналды.

Мұнда адамдар арнайы костюмдер киіп, славян халқына тән ас мәзірін дайындапты. Мерекелік дастархандағы басты тағам, әрине,   құймақ. Құймақтың түр-түрі пісірілген. Масленицаның негізгі символы да осы.

Мерекеге қатысушылар ерекше костюмдерімен, орыс частушкаларын шырқап, халықтың көңілін бір серпілтіп тастады.

Жалпы, Масленица - бір күн емес, апты бойына тойланатын мейрам. Оның әр күні өзіндік бір ерекшелігімен белгілі. Мәселен сейсенбі – дәмді тағамдар әзірлейтін, ал, жексенбі – кешірім сұрау күні. Кең көлемде аталып өтілетін мейрамда бір-біріне қонаққа барып, дәм тату маңызды.

Мереке соңында сабаннан жасалған мүсін, яғни қарақшы жағылды. Ол қарды жібітіп, көктемнің келуін жақындатады деген сенім бар.

Жиналған қауым қысты мәре-сәре болып, керемет көңілмен шығарып салды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив