Әскерилер ұлттық киімді ұлықтады – ШҚО
18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің қызметшілері формаларын ұлттық киімге ауыстырды.
Отан қорғаушылар да өздерінің бірегейлігі мен ерекшелігін айшықтайтын, ұлттық болмыстарын көрсететін ұлттық киімдерін киіп келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Наурыз мерекесін түркітілдес мемлекеттердің барлығы тойлайды. Жаңару мен жаңғыру мерекесі көптеген ұлттарға ортақ болғандықтан, біздің әскери бөлімде қызмет ететін әртүрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп келді. Бұл арқылы біз қазақ халқының ғана емес, өзімізге жақын, тіліміз бен дініміз ұқсас, тарихымыз астасатын ұлттардың да болмысымен, мәдениетімен танысуға мүмкіндік алдық, - дейді әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Азамат Жұмағазиев.
Ұлттық киімді насихаттау - салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты және тарихи ерекшеліктерді сақтауға, келер ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.
Оқи отырыңыз