Өскемендегі әскери бөлім қызметкерлері баланы бесікке бөлеп, тұсау кесті
Өскемен гарнизонының №27943 әскери бөлімінің қызметшілері Наурызнама онкүндігі аясында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнін» атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениет, өнер мен ұлттық салт-дәстүр насихатына арналған. Осыған орай №27943 әскери бөлімінің қызметшілері бесікке бөлеу және тұсаукесер рәсімін өткізді.
- Қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен әдет-ғұрыптары ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді, өйткені олар ұлттың нағыз қазынасы болып табылады. Сондықтан оларды сақтау және балаларымызға беру өте маңызды. Біз бүгін әр шаңырақта жүргізілетін бесікке бөлеу және тұсаукесер рәсімдерін ұйымдастырдық. Бұл екі дәстүр өзінің байырғы құндылығын жоғалтпай, әр қазақтың шаңырағында күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан дәстүр, - деді аға маман концертмейстер кіші сержант Сания Нургалиева.
Оқи отырыңыз