KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
477.45 527.1 5.24

Алтай ауданында тасқын қауіпі жоғары 12 учаске бар

28.03.2024, 16:00 58 Мадина Амангелдіқызы

Алтай ауданының аумағында қарғын су басуы ықтимал 12 қауіпті учаске бар.

Бұл учаскелердің барлығы жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің жіті бақылауында, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Күн сайын гидробекеттерде Бұқтырма, Тұрғысын, Березовка, Хамир өзіндеріне мониторинг жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен 10 канал, 70 арық, 133 су өткізу құрылысы тазаланып, 34,5 мың текше метр қар шығарылды. 

- Тасқынға қарсы жұмыстарды жүргізуге жәрдемдесу үшін ауданға Семей қаласындағы 98303 әскери бөлімінен 25 әскери қызметкер келді. Қазір олар арықтар мен каналдарды тазалауға көмектесіп жатыр, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.  

Айта кетейік, 15-19 наурыз аралығында Бұқтырма өзенінің бес учаскесінде, яғни, Зубовка, Тұрғысын, Малеевка Богатырев, Быков елді мекендері тұсында мұз жару жұмыстары жүргізілген болатын. Мұзды жару жұмыстарының жалпы ауданы – 113,5 мың шаршы метр. 
Қарғын судың қауіпі күшейген жағдайда адамдарды уақытша орналастыратын жалпы сыйымдылығы 1000 адамға шақталған 19 эвакуациялық пункт дайындалды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив