Алтай қаласында сел жүруі мүмкін
ШҚО-да сел жүруі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Төтенше жағдай қызметінің мәлімдеуінше таулы аудандарда, соның ішінде Алтай қаласында сел жүру қауіпі тамыз айына дейін жалғаспақ.
Алтай ауданында (бұрынғы Зырян) көшкін қаупі бар үш учаске тіркелді. Олар, Черновая, Бұқтырма, Хамир өзендерінің бассейндері. Сонымен қатар Тұрғысын өзенінің жанында (Алтай қаласынан солтүстік-батысқа 25 км жерде) сел қаупі жоғары екен.
Аталған жерлерде тұрақты мониторинг жүргізілуде.
– Мамыр айында Кутиха ауылының тұрғындарына селден қорғану үшін арнайы сабақтар өткізген болатынбыз. Қала тұрғындарына ақыл-кеңестер мен тиісті ұсыныстар айтылған, – дейді Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдай басқармасы.