Алтай ауданында тасқынға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр
Алтай ауданында су тасқынына қарсы шаралар жүргізіліп жатыр. Жаңа Бұқтырма кентінде мамандар күнделікті мониторинг жасап, қауіпті учаскелерді бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қарғын суды бұру, арықтарды тереңдету және қардан тазарту секілді жұмыстар күн сайын атқарылып жатыр.
Мәселен, Самал, Бұқтырма және Заводская көшелеріндегі арықтар тазартылды. Мерей көшесінің бойындағы су бұрылатын жол тереңдетіліп, көп қабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қар шығарылды.
Жалпы, Жаңа Бұқтырма кенті бойынша 530 текше метр қар шығарылды.
Жергілікті атқарушы органдар жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, ақпараттық хабарламалар таратып, түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр.