KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2,4 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде

ШҚО ТЖД

21.03.2024, 11:00 160 Назерке Каримова

Жергілікті атқарушы органдар бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда алдын алу бойынша жұмысты күшейтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Жалпы ұзындығы 338,4 км боатын 384 арық, ұзындығы 117 км болатын 66 канал, автомобиль жолдарында 1597 су өткізу құрылыстары және теміржол жолдарында 88 су өткізу құрылыстары, сондай-ақ 269 көпір тазартылды. 354 мың текше метрден астам қар шығарылды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.


Үлбі өзені арнасының бойында орналасқан тұрғын үйлерге су кірмес үшін жергілікті атқарушы органдардың күшімен өзен жағасы тас топырақпен толтырылды. Риддер қаласында арықтарды қар мен мұздан тазарту жұмыстары жалғасуда.

Осы орайда айта кетейік, кеше Сенное және Убинка ауылдарындағы Бұқтырма және Уба өзендерінде жалпы ауданы 29376 шаршы метр мұз ұсақталды.

- Бұл су тасқынының алдын алуға бағытталған. Жарылыс жүргізу арқылы мұз босайды. Басты мақсат - кептелістің алдын алу, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу