KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

ШҚО-дағы бірнеше жол қайта ашылды

pixabay.com

31.03.2024, 14:00 152 Назерке Каримова

Кеше су тасқыны жағдайына байланысты елдегі бірнеше жол учаскелерінде көлік қозғалысына тыйым салынған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

"Қазавтожол" ҰҚ" АҚ бүгін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыс ашылғанын мәлімдеді.

Келесі бағыттарда қозғалыс қайта жанданды:

  1. Абай облысы, «Алматы - Өскемен» тас жолының 778-967 шақырымы, Аягөз қ.-Қалбатау а. учаскесі.
  2. Қарағанды облысы, «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» тас жолының 101-266 шақырымы, Нұра а.-Теміртау қ. учаскесі.
  3. Ұлытау облысы, «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 756-788 шақырымы, Жаңаарқа- Қарағанды облысының шекарасы учаскесі.
  4. Қарағанды облысы, «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 788-906 шақырымы, Ұлытау облысының шекарасы-Топар ауылы учаскесі.
  5. Ақтөбе облысы, «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» тас жолының 0-234 шақырымы, Қарабұтақ а.-Қостанай облысының шекарасы учаскесі.
  6. Қостанай облысы, «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» тас жолының 234-545 шақырымы, Ақтөбе облысының шекарасы-Қостанай қ. учаскесі.
  7. Ақтөбе облысы, «Самара-Шымкент» тас жолының 965-1153 шақырымы, Қарабұтақ а.- М-32 және А-26 учаскесі.
  8. Абай облысы, «Семей-РФ шекарасы» тас жолының 27-58 шақырымы, Новопокровка қиылысы-Дмитриевка ауылы учаскесі.
  9. ШҚО, «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тас жолының 6-166 шақырымы, Ушановское а.-Алтай қ. учаскесі.
  10. ШҚО, «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тас жолының 420-450 шақырымы, Берел а.-Рахман қайнары учаскесі.
  11. Абай облысы, «Омбы-Майқапшағай» тас жолының 910-1005 шақырымы, Қалбатау-Көкпекті ауылдарының учаскесі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу