KZ
Өскемен
-20°
плотный туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

ШҚО-да қатты аязға байланысты кей көлік түрлеріне жолға шығуға шектеу қойылды

pixabay.com

18.02.2024, 20:34 310 Назерке Каримова

Алдағы үш күнде облыста - 45°С дейін аяз күтіледі.

Осыған байланысты бүгін республикалық маңызы бар жолдарда кей көлік түрлеріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«КАЖсервис» ЖШС ШҚОФ ақпаратына сүйенсек, бүгін сағат 20.00-ден бастап дауылды ескертуге байланысты ШҚО-дағы республикалық автожолдарда қоғамдық көліктер мен дизельмен жүретін көліктерге шектеу енгізілді.

1) «Алматы - Өскемен» жолының 1013-1068 км (Абай обл.шекарасы – Қасым Қайсенов)

2) «Өскемен - Риддер – РФ шекарасы» жолының 15-105 және 129-191шақырымдары (Белоусовка-Риддер-РФ шекарасы)

3) «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» жолының 15-102, 105-123 шақырымы (Глубокое бұрылысы-Шемонаиха-РФ шекарасы)

4) «Өскемен-Семей» жолының 10-45 және 48-103 шақырымы (Герасимовка-Абай обл.шекарасы)

5) «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарагай-Рахман қайнарлары» жолының 6-450 шақырымы (Ушанов-Рахман қайнарлары санаториі)

6) «Омбы-Майкапшагай-Қалжыр-Теректі» жолының 0-124 шақырым (Дайыр-Марқакөл)

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу