Темір жолға дизель отынын жеткізудің көлеңкелі схемасы әшкереленді – ШҚО
Фото: depositphotos.com
ШҚО бойынша Экономикалық тергеулер департаменті отын-энергетика кешеніндегі асыра делдалдық таныту, мұнай өнімдерін ұрлау және олардың заңсыз айналымы фактілерін әшкереледі.
«Қазақстан темір жолы» АҚ-дағы дизель отынын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында мұнайды жеткізушіден бастап түпкілікті сатып алушыға дейінгі көтерме кәсіпорындар арасында асыра делдалдық белгілері анықталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО бойынша ЭТД басшысы Айдын Молдабеков «ҚТЖ Жүк тасымалы» және «ҚТЖ Жолаушылар локомотивтері» компаниялары сатып алушылар болып табылатынын атап өтті.
Оның айтуынша, делдалдардың кесірінен локомотивтерге арналған дизель отынының бағасы шамамен 30%-ға өскен.
Жанармай айналымының көлеңкелі схемасын ұйымдастырушылар сотталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.