KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
521.53 601.01 6.43

Өскеменде 11 тонна дизель отынын ұрлағандар ұсталды

29.08.2019, 11:45 232

Өскеменде мұнай базасының қызметкерлері 11 тонна дизель отынын ұрлады деп айыпталуда. Күдікке іліккендер – аға оператор мен бензовоз жүргізушісі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полицияға мұнай базасының иесі шағымданған. Оның айтуынша, 27 тамыз күні сағат 20.30 шамасында 11 тонна дизель отыны жоғалған. Шығын – 2 миллион 112 мың теңге деп бағаланды.

– Полиция қызметкерлері 24 жастағы аға оператор мен 36 жастағы бензин тасымалдаушы көліктің жүргізушісін қамауға алды. Күдіктілер кінәсін мойындады, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті.

Енді сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу