KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, ОШ
527.3 544.86 4.95

Қазақстан аграршыларына дизель отыны нарықтық бағадан 15% төмен бөлінеді

Фото: agroinfo.kz

23.01.2024, 11:49 79

Бұл туралы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі кеңес барысында Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды  Altaynews.kz тілшісі.

 

 

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Энергетика министрлігі 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша Мұнай өңдеу заводына облыстарды бекіту кестесін бекітті.

 

 

«Кестеге сәйкес 2024 жылдың 1 ақпанынан 30 маусымына дейін Қазақстанның 20 өңірінің 17-сінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге 340,2 мың тонна дизель отынын тиеп-жөнелту және жеткізу жоспарлануда», - делінген Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

 

Мәселен, ақпан айында Қазақстан өңірлеріне 45 мың тонна дизель отынын, наурызда – 90,4 мың тонна, сәуірде - 92,8 мың тонна, мамырда – 103,4 мың тонна және маусымда қалған 8,6 мың тонна дизель отынын тиеп-жөнелту жоспарланып отыр.

 

 

Энергетика министрлігі ұсынған дизель отынының бағасы тікелей ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін литріне 250 теңгені құрайды, бұл жанармай құю станцияларындағы бөлшек сауда бағасынан 15%-ға төмен және егін жинау жұмыстарынан кейін өзгеріссіз қалады, - деп нақтылады ҚР Энергетика министрлігі.

 

 

Сондай-ақ, ұсынылған баға барлық 17 өңір үшін бірдей және Қазақстанның аграршыларына отын жеткізу жөніндегі өңірлік операторлардың тасымалдау және маржасына арналған шығындарды қамтиды.

 

                                                                          Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу