KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Ертең ШҚО-да найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Фото: poembook.ru

8.04.2024, 20:30 207 Ержан Әбіш

Ертең, яғни 9 сәуірде күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр күтіледі, 10-11 сәуірде де күндіз қатты жауын, түнде қар жауу ықтималдығы жоғары, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Қазгидромет» мекемесінің ШҚ филиалына сілтеме жасап.

Ертең күндіз облыстың солтүстігінде найзағай, шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады.

Өскеменде күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндізгі екпіні – 15-18 м/с.

9 сәуірде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, 10-11 сәуірде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жел соғады.

Осы ретте ШҚО ТЖД азаматтарға мына кеңестерді ұсынады:

- найзағай кезінде үйде болған жөн, электр құрылғыларын қуат көзінен ажыратыңыз. Көшеде болсаңыз, металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз;

- қатты жел соққан кезде электр сымдары мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз;

- үйдің аумағын қоршау үшін қолда бар материалдарды (қаптар, топырақ, құм, саз) дайындаңыз;

- үйіңіз су тасқыны қаупі бар жерде болса, азық-түлік қорын жертөледен су жетпейтін жерге апарыңыз;

- ауа райы болжамын және гидрологиялық жағдай туралы хабарламаларды қадағалаңыз.

Төтенше жағдай кезінде «112» телефоны бойынша хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу