KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстанда заңсыз жер қойнауын пайдаланушылар жоқ

16.05.2024, 18:22 215

Шығыс Қазақстанда 250-ге жуық кен орны бар. Олардың барлығы еліміздің заңдарына сәйкес жұмыс істейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өңірдегі жер қойнауын пайдаланудың өзекті мәселелері жергілікті БАҚ өкілдері мен мемлекеттік органдар басшылары, сарапшылар қатысқан кездесуде талқыланды. Журналистер бастамашы болған диалог алаңын «Altainews» медиа-орталығы ұйымдастырды.

Отандық және шетелдік инвесторлар жүзеге асыратын жобалар ел экономикасының дамуына және әртараптануына оң ықпал етеді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты инвесторларды тартуға және қорғауға бағытталған. Ал олар өз кезегінде бюджетке салық төлеп қана қоймай, келісімшарттық міндеттемелерді орындауға да тиіс. Ол міндеттемелерге кәсіпорын орналасқан елді мекенді дамытудың және жергілікті тұрғындар үшін жайлы жағдай жасаудың нақты іс-шаралары енеді. Нақ осы шарттар Ата заңымызда жазылған, яғни жер байлығы халықтікі, ал халықтың атынан оны мемлекет басқарады. Ендеше мемлекет өз тарапынан халықтың мүддесін қорғау үшін аталған шарттар мен талаптарды енгізеді, – деді кездесу модераторы «Altainews» медиа-орталығының бас директоры Арсений Дүйсенов.

Жиынға қатысушылар Күршім ауданындағы Маралды ауылында алтын өндіру фабрикасын салып жатқан компанияның қызметіне қатысты сұрақтар қойды. Кәсіпорын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен жасалған шарттар аясында жұмыс істейді. Құрылыс жұмыстары экологиялық рұқсатнама бойынша жүзеге асуда.

– Тұрғындардың өтініші бойынша аумақта арнайы жұмыс топтары прокуратура органдарымен бірлесе тексеру жүргізді. Барлық талаптар ескерілді. Су бойынша ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Тұрғындар кәсіпорын жанында орналасқан бұлақ үшін алаңдаған болатын. Ол жерге су қорғау белдеуін орнату бойынша жоба әзірленіп, Ертіс бассейндік инспекциясымен келісілді. Барлық су қорғау белдеулері ескерілді. Қорғаныс шептері орнатылды, – деді ШҚО экология департаменті экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Наталья Гожеман.

Ол барлық құжаттардың заң талаптарына сәйкес келетінін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив