ШҚО-да шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасалады
Алдағы уақытта өңірлік өндірістің өрісі кеңей түседі. Тек бейінді басқармалар мен жергілікті әкімдер кәсіпкерлікті дамытуға күш салуы тиіс. Ел экономикасының өсуі де бизнестің өркендеуімен тікелей байланысты. Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша кеңес өткізген облыс әкімі Ермек Көшербаев осы мәселеге назар аударды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс әкімі әрбір аудандағы көлеңкелі экономика мәселесін шешу жолдарын тауып, отандық өндірістерді дамыту үшін инвесторларды тартуды қарастыру маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар әр салаға қойылған стратегиялық мақсаттарға сәйкес экономикалық дамудың басымдықтарын анықтау қажет.