Маралдыда қатерлі ісік ауруының көрсеткіші төмен
Өскеменде өткен журналистер мен мемлекеттік басқару органдары басшыларының кездесуінде Күршім ауданының Маралды ауылындағы жер қойнауын пайдалану мәселелері талқыланды.
Ресми статистика деректері алтын өндіруші кәсіпорындардың жұмысы жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиян шектірмейтінін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кездесуді жергілікті БАҚ өкілдерінің бастамасымен «Altai-News медиа орталығы» ұйымдастырды. Талқылаудың басты тақырыбы – жер қойнауын пайдаланудың өзекті мәселелері.
Шығыс Қазақстан облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығы директорының орынбасары Анна Кухарева Күршім ауданында соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен сырқаттанушылықты талдау қорытындысы туралы айтты.
Оның айтуынша, Күршім ауданы қатерлі ісікпен сырқаттанушылық көрсеткіші ең төмен өңірдің бірі және облыста тоғызыншы орында.
Күршім ауданы бойынша сырқаттанушылық құрылымында жалпы олыстағы жағдай сияқты бірінші орында сүт безі обыры, екінші орында – өкпе обыры, үшінші орында колоректальды обыр тұр.